Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қайын апасы бетін күйдірген келіншектің ақыл-есінде ерекшелік бар екені анықталған

Қайын апасы бетін күйдірген келіншектің ақыл-есінде ерекшелік бар екені анықталған

Қайын апасы бетін күйдірген келіншектің ақыл-есінде ерекшелік бар екені анықталған
ашық дереккөзі
Келінінің бетін күйдірген қайын апасы халықтан кешірім сұрады. Ол бұл әрекетке ашуға қатты булыққаннан бардым деп ақталып отыр.  Тіпті, шанышқыны қалайша қыздырып, келіннің бетіне шімірікпей басып-басып алғанын байқамай қалыпты.  Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. БАҒИЛА КӘРІБАЙ/ГҮЛЗИРА БАУДАРБЕКОВАНЫҢ ҚАЙЫН АПАСЫ БАҒИЛА КӘРІБАЙ, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ: "Шешем газ плитаны жу деген екен, "неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?" дедім. Газ плитаға вилканы қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын!. Енді мұндай қайталанбайды» Кешелі бері әлеуметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірді деген шу шыққан болатын. Жұртқа тарап кеткен суретте жас келіншектің бетіндегі күйіктің іздері анық байқалып тұр. Ал кейіннен жәбір көрген Гүлзира Баударбекованың туғаннан ақыл-есінде ерекшелігі бар екені белгілі болды. Жастайынан жетім өскен ол қайын апасынан бөлек, қайын ағасынан да талай таяқ жегенін айтады. ГҮЛЗИРА БАУДАРБЕКОВА ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Немен ұрды қайын ағаң?  Кетпенмен. Кәкпірмен. Шөмішпен де ұрған. - Қандай пышақпен ұрды? Қылқындырып далаға шығарып жіберді ме сені? Сосын ешкім ажыратпады ма сені?  Жоқ!». ГҮЛЗИРА БАУДАРБЕКОВАНЫҢ СІҢІЛСІ ГҮЛЗИРА БАУДАРБЕКОВАНЫҢ СІҢІЛСІ: "Бағила қайынбикесі келіп, кешірім сұрап, менің әпкем Гүлзираны алып кетті. Үкіметтен сол ауру жарым жанға қол ұшын беретін, қайырымды жандар болса, бір бөлмелі үй болса да көмектесулеріңізді сұранамын". Қазіргі таңда полиция істің жай-жапсарын анықтауға кіріскен. Желіге жарияланған жазбаны бірден назарға алған тәртіп сақшылары Отырар аудандық полиция бөлімшесіне осы жағдай бойынша ешкім арызданбағанын хабарлады. https://www.youtube.com/watch?v=baBgHVRk35o