Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шешім әділ ме? 8 жасар қызды зорлады деп айыпталған 16 жасар жасөспірім сотталып кетті

Шешім әділ ме? 8 жасар қызды зорлады деп айыпталған 16 жасар жасөспірім сотталып кетті

Шешім әділ ме? 8 жасар қызды зорлады деп айыпталған 16 жасар жасөспірім сотталып кетті
ашық дереккөзі
Шымкентте 8 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген 16-дағы жасөспірім бес жылға сотталып кетті. Алайда, оның жақындары бұл үкіммен мүлдем келіспейді. Себебі, балаларының мұндай сұмдық әрекетке бармағанына сенімдіміз деп отыр. Тіпті, аппеляциялық сот та бозбаланы ақтап алмады. Ал, жәбірленушінің шешесі қызының психикалық ауытқуы барын жасырмайды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Айнұр Әділованың ұлының 19 шілде - туған күні! Сол күні 16 жасқа толған жасөспірім төл мерекесін туған-туыстарының ортасында емес, темір торда қарсы алды. Өрімдей баланы 8 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айыппен осы жылдың сәуір айында соттап жіберген. АЙНҰР ӘДІЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Әділ соттан әділ шешім қабылдауын сұрадық. Бірақ, бізге әділ шешім бермеді. Кінәсіз баланы 5 жылға соттап жіберді. Біз барлығын дәлелдедік Шымкент экпертиза қызды сау деп берді. Тараз сау, бірақ іске қатысы жоқ деп берді. Бірақ, астана қаласы дәлелдеп шығарды. Сот бұған қарамады. Оқиға өткен жылдың шілде айында болған. Үйлерінің бір бөлмесін жалға алып тұрып келгендермен бірге біте қайнасып кеткен отбасы, бала-шағаларымен сәкінің үстінде жатып ұйықтаған. Таңертең қыз шешесіне сол үйдің баласы тиіскенін айтып шағымданыпты. Ашуға булыққан анасы полицейлерді шақырып, бірден баланы алып кетіп қалған. Кейін  қыз бала ондай жағдайдың болмағанын айтып, түсі екенін жеткізіпті. АЙГҮЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Тергеушіге бардым арызымды қайтып аламын дедім. Тергеуші арызыңызды қайтып ала алмайсыз, алсаңыз өзіңіз 10 жылға қамалып кетесіз. Мен сізге аразыңызды бере алмаймын деп айтты. Негізі мен артымнан бір ауыр жүк түсетін шығар, бүгін бір ақтау шешімі болатын шығар деп келген едім. Әділ шешім болатын шығар деп келген едім». Жәбірленушінің анасы өзінің қызының психикалық ауытқушылығы барында жасырмайды. Яғни, өтірікті жиі айтады және қиялға көп ерік береді дейді. Мұны мамандар да дәлелдеп беріпті. Тіпті, қолдарында қыздың арына қол сұғылмағаны туралы анықтама қағаздары да бар. Алайда, аппеляциялық сот алқасы сараптаманы назарға алмады дейді зар еңіреген туысқандары. Ал, баланың істі болуына адвокат тергеушілерді кінәлдайды. ЖАРЫЛҚАПБЕРДІ ӨМІРЗАҚ, АДВОКАТ: «Біріншіден тергеу дұрыс жүрмеген деп есептеп отырмын. Екіншіден тергеу барысында жасөспірім балаға қысым көрсетілген. Сот- психикалық сараптама тағайындаған кезде қыздың нақты тергеуге қатыса аламайтындығын, тергеуде жауап бере алмайтындығын тағы басқа мән-жайды ескеріп, қыздың нақты ауытқуы бар екенін нақты көрсеткен. Алайда, екінші сатылы сот біздің ол берген ұсынысымызды ескерген жоқ, оған баға берген жоқ». Ал, қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жағдайды барынша тексердік, әділ шешім шығарылды, оған ешқандай шүбә келтірілмесін дейді. ЕРБОЛ ЖАНҒАЗИН, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Оның психикасында қандай да бір өзгерістер бар дейді. Өзгерістер болғаның өзінде, оның оған қарсы құқық бұзу жасаған кезде қылмыстық іс бойынша маңызды болған іс-әрекеттердің сыртқы көрнісін дұрыс қабылдай алудан және олар туралы көрсетулер бере алу қабілетінен айырмаған. Ол не көрсе, кім не істегенін нақтылап айтып береді. Сараптамалар бар, жарақат бар. Айдың-күннің аманында туған ұлынан бес жылға айрылып қалған анасы істі соңына дейін жеткіземін деп отыр. Яғни, Жоғарғы сотқа дейін арызданып, баласының кінәсіз екенін дәлелдеуге алған бетімен қайтпаймын деп білек сыбана кіріскен.   https://www.youtube.com/watch?v=fD5TQERfWPU