Парсы патшаларының бірі жанында тұрған нөкеріне қарап: "Билік дегенің үзілмей жалғасын тауып жатса керемет дүние екен" дейді.
Нөкері сөзге ұста кісі болса керек кідірместен: "Аса мəртебелі патшам! Біреудің билігі тоқтап, үзілмейтін болса сізге билік бұйырмас еді ғой" деген екен.
Түйін: Алла Тағала Құран Кəрімде мынау дүние өмірін "көктен түскен суға" теңеген. Себебі дүние су секілді ешқашан тұрақтамайды.
Ғалымдар осылай дейді. Билік, денсаулық, байлық т.б барлығы өткінші, фəнилік дүниелерге жатады. Қолдағының қадірін біле жүрейік. Күндеріңіз сəтті өтсін!
Бауыржан АЛИҰЛЫ