Боксшыларымызды аяп тұрмын. Жуырда ғана ұлттық құрама жапон астанасына аттанды. Қалыптасқан жағдайға байланысты ешкімді жолатпады. Дайындығын көрмедік. Сұхбаттасуға рұқсат жоқ. Видеоларын әлеуметтік желі арқылы алып, содан материал дайындап жүрміз. Енді бүгін жаттығуларын жариялады. Токиодағы көпірдің астында, бетон қабырғалардың ортасында әзірлік пысықтап жатыр. Сол ерлерден жолдама алған 8 жігіт қана. Саланың басы-қасындағылар "барлық жағдайды жасадық" деп әңгімені жіберіп тұр. Оның бәрін норм деп қабылдар едім. Егер байқаусызда өзбектердің аккаунтына ілігіп, сондағы видеоларды көрмегенде. Өзбек боксшылары 4-ші шілдеде аттанған екен. Яғни, біздің боксшылардан екі апта бұрын жетті. Оларды кәдімгідей атойлатып шығарып салды. Бата беріп, шапан жауып дегендей. Ерекшелігі сол – олар негізгі құрамадан бөлек, елдегі 2-ші және 3-ші нөмірлі жігіттерді де ала кеткен. Спарринг қарсылас болады. Залдағы дайындықтары масқара енді. Амбиция ұрып тұр. Олар үшін вирус емес, алтын маңызды. Сондай әсер қалдырады. Көреміз енді. Әрине, өзіміздің жігіттердің топ жарғанын қалаймыз ғой. Бірақ...
Аслан ҚАЖЕНОВТІҢ фейсбук парақшасынан алынды