Маңғыстаудағы ерекше мектеп

Маңғыстаудағы ерекше мектеп

ашық дереккөзі

  Маңғыстау облысының Батыр ауылында  ер  мұғалімі  көп айрықша мектеп бар. Олардың дені кәсіби білікті, өз ісінің hас шебері. Білім ордасының ашылғанына небәрі 8 жыл толса да, осы аралықта толағай  жетістіктерге жетіп үлгерді. Мектептің тағы бір ерекшеленетін тұсы,  мұнда 40 ер азаматтан құралған хор бар. Оқытушылар әккі әнші болмағанымен,  десе де кәсіпқой өнер адамдарынан  кем түспейді.   Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Бұл шағын ғана ауыл мектебіндегі 100-ден астам мұғалімнің тең жартысы ер азамат.  Мұнда темірден түйін түйетін, өнерлі, «сегіз қырлы, бір сырлы» талаптылар топтасқан.  Олар оқушыларға барлық пәндерден сабақ беріп қана қоймайды, қолдары қалт еткенде алуан түрлі музыкалық аспаптардың құлағында ойнап, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келеді. ҚҰРАЛАЙ НҰРМАНОВА, БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: "Сол ер азаматтармыздың арқасында біздің балдарымыздың белі мықты. Себебі, мектептегі ер балдарды көрсең ағаларына ұқсағысы келіп, өзін тік ұстап, қыздарға қамқор болатын оқушыларды көреміз". Қызмектерлердің еңбек демалысына шығуына орай,  қазір жігіттердің тең жартысы ғана  жиналып өнерлерін көрсетті. Хордың құрылғанына бір жылға жуықтапты. Бұл идея қыз-келіншектердің төл мерекесінде орайластырған. БЕКБОЛАТ САРИЕВ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: "Әйел-қыздар мерекесі қарсаңында ер азаматтар ақылдасып бір ән салайық, концерттік мерекелік шара ұйымдастырайық деген мақсатпен айтып қарағанбыз басында. Кейін басшымыз Құралай апаға ұнады да содан мұны  Хор қылып, үнемі осылай мектепішілік, аудандық, облыстық іс шараларға орындайтындай ән сыйлауға дайындадық. Содан бері хорымыз құрылды". ҚҰРАЛБЕК ЖАҢАБАЕВ, ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: "Осында Мейірім деген азамат бар. Сол басшылық қылып темір жағынан күйме, барлығы. Одан соң жону. Соның барлығын балаларға үйретіп, қазір шәкірттер де шығып жатыр". Өзінен үлкенді сыйлауға, мұғалімдерді  құрметтеуге, оқушыларды инабатты болуға тәрбиелеу - мектеп басшылығының  басты ұстанымы. Ер мұғалімдері көп бұл білім ошағының алға қойған мақсаттарын көп. Соның бірі - түптің түбінде ұлттық мектептің модулі болуы. https://www.youtube.com/watch?v=19BcykOLxOw

Жүктелуде...