Белгілі журналист Қуат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист Қуат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Белгілі журналист, Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып сайланды. Мұндай шешім клуб мүшелерінің басқосуында қабылданды деп жазады newsroom.kz порталы.  Басқосуға Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, вице-президент Мұратбек Тоқтағазин, атқарушы директор Әсем Есілбаева, клуб мүшесі «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова қатысты. Клубтың пандемия жағдайында атқарған жұмысы мен ұйымдастырған іс-шаралары туралы атқарушы директор Ә.Есілбаева баяндады. Бұдан кейін Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай белгілі журналист, республикалық Sport газетінің бас редакторы, клубтың вице-президенті болған, биыл дүниеден өткен Дүрәлі Дүйсебайды еске алып, қаламгердің атқарған жұмысы, жалпы қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі елеулі екенін айтты. Бұдан кейін Бибігүл Нұрғалиқызы клубтың жаңа вице-президенті қызметіне Қуат Әуесбайдың кандидатурасын ұсынды. Басқосуға қатысқан және онлайн қосылған клуб мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Жаңа вице-президентке халықаралық ұйымдармен байланысты күшейтіп, шетелдегі қазақ тілді БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас жасау бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.

Жүктелуде...