weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Британдық олимпиададан түркістандық оқушылар 19 жүлдеге ие болды қайта оралу

Британдық олимпиададан түркістандық оқушылар 19 жүлдеге ие болды қайта оралу

Британдық олимпиададан түркістандық оқушылар 19 жүлдеге ие болды қайта оралу
ашық дереккөзі
Британдық Oscar Education білім орталығының жасөспірім балалар үшін Халықаралық Teen Eagle онлайн ағылшын тілі олимпиадасынан Түркістан облысының оқушылары 9 алтын, 6 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды. Халықаралық білім байқауына қатысуға Түркістан өңірінен 42 оқушы ұсыныс білдірді. Үздік жасөспірімдердің 11-і ынталандыру сертификатын, 6-ы белсенді қатысушылар ретінде марапатталды. Яғни 30 оқушыға Англияғада ағылшын тілі курсын оқып, саяхаттап қайтуына жеңілдік берілді. Жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада жас дарындыларды анықтауға бағытталған. Мамыр айында Британдық Oscar Education білім орталығының ұсынысымен Түркістан облысының жасөспірімдерінің арасында Халықаралық Teen Eagle онлайн ағылшын тілі олимпиадасын өткізу Түркістан облыстық әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты - ағылшын тілін дамыту және олимпиада жеңімпаздарына Ұлыбританияға саяхат жасауға жол ашу. Аталған білім орталығы Қазақстан оқушылары үшін алдын ала Brooke House College баспасының 1-5 деңгейдегі бірнеше әдеби шығармалары жіберген. Соның ішінен 5-8 сыныптар үшін және 9-11 сынып оқушылары үшін әдеби шығармалар таңдалып алынды. Байқау сол шығармалар төңірегінде өтеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі  
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→