Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

086 емес: 200 адамға вакцинация паспортын сатқан дәрігер ұсталыпты

086 емес: 200 адамға вакцинация паспортын сатқан дәрігер ұсталыпты

086 емес: 200 адамға вакцинация паспортын сатқан дәрігер ұсталыпты
ашық дереккөзі
Жалған вакцина паспорты саудасы күннен-күнге қызып барады. "Вакциналанды" деген өтірік қағаз сатқаны үшін тағы үш ақ халатты ұсталды. Бұл жолы павлодарлық дәрігерлер 200-ден астам екпе құжатын саудаға салғаны үшін күдікке ілінді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бір емхананың басшысы мен оның қоластындағы екі мейірбикенің азаматтардан ақша алып, вакцина салмай-ақ, егілгендер базасына қосып отырғаны анықталды. Еске сала кетейін, бұдан бөлек ішкі істер қызметкерлері қазір жалған вакцинация паспорттарына байланысты төрт қылмыстық істі қарап жатыр. Оның екеуі - Алматыда, тағы екеуі Алматы және Ақмола облыстарында қозғалған. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
 ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Сонымен, емхана меңгеруші, мамандығы бойынша жалпы практика дәрігері, сондай-ақ осы емхананың екі медбикесі белгілі бір ақша сомасына вакцинацияның деректер базасына жалған тіркеу жасаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы анықталуда».