Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әйел таршылықта сыналады….Еркек ше

Әйел таршылықта сыналады….Еркек ше

Әйел таршылықта сыналады….Еркек ше
ашық дереккөзі
Бірде жағдайы өте жұпыны, жұмысы да қарапайым, табысы да мардымсыз бір жігітке қайын атасы келіп: "Сен менің қызымды үлде мен бүлдеге орап еркелете бергеніңді қой.
Үйдегі тамақты, етті де əдейі азайтып тұр. Ішкені алдында, ішпегені артында болған адам нығметтің қадірін түсінбейді", - дейді қабағын шытып. Жігіт мына сөзге таң-тамаша болып, не деп жауап берерін білмей тұрып қалады.
Себебі, барлығы қайын атасы айтқандай емес, керісінше жігіттің айлығы шайлығына да жетпей қалатын кездер болып жүрген. Таңданысын жасыра алмаған ол мән-жайды әйелінен сұрамаққа бекінеді.
Сөйтсе, жұбайы төркініне барған сайын жағдайларының өте жақсы екенін, ас та төк ғұмыр кешіп жатқандарын айтып, ата-анасының алдына тосқан небір жылы-жұмсағын жеуден бас тартып, тыйылып отыратын көрінеді.
Әйелі бұл амалға күйеуінің абыройы үшін əрі тағдырына риза болғандығы себепті ғана барғандығын айтады. Қайын атасының алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны үшін күйеуінен кешірім сұрайды.
Иә, еркектің қара басын қадірлі етіп, төрге сүйрейтін де, я болмаса қор қылып көрге сүйрейтін де – әйел-ана.
Кей кемшілікке кеңшілік танытып, таршылықта торықпаған, ертеңгі күнім не болады-ау деп жасып, аласұрып қорықпаған дәл осындай аналардың ісі барша аруға өнеге болуға тұрарлық!
P/S: Сосын, "қазір бұндай әйел жоқ, қазір мұндай еркек жоқ" деп шулай беруге болмайды, бет жыртысып таласып. Қазір де өздеріңіз аңсаған ер мен әйел баршылық, адамнан "идеал" жасайтын тек өзіміз.
Ешкім бізге керемет күйеу мен әйелді "мә" деп ұстата салмайды... Жақсы жарды қаласаң сол жақсылыққа қарай әрекет ет. Жамандығын жасыр, жақсылығын асыр. Еріңнің ебін тап, әйеліңнің көңілін тап.
Сонда өзің іздеген бақытың босағаңда жүреді!……..
Қайрат НҰРЛЫҚАСЫМҰЛЫ