Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркіменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеповпен кездесті. Бұл туралы аталмыш
академияның ресми сайты twesco.org сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы жоспар жөнінде пікір алмасты.
Өз кезегінде, Елші Батыр Реджепов Түркі Академиясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға ризашылығын білдіріп, ұйымның жұмыстарына табыс тіледі.
Кездесу соңында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Түркіменстан елшісіне алғыс айтып, ұйымның басып шығарған құнды ғылыми еңбектерін тарту етті. P.S. Түрікменстан жуық арада түркі интеграциясына келуі мүмкін...