Ауғанстан: бір тәулікте 200 жуық содырдың көзі жойылыпты

Ауғанстан: бір тәулікте 200 жуық содырдың көзі жойылыпты

ашық дереккөзі

Елдің қорғаныс министрлігі бір тәулікте 200 жуық содырдың көзін жойдық деп мәлімдеді. Аталмыш хабарланы қорғаныс ведомствасы Twitter парақшасы арқылы хабарлаған деп жазады newsroom.kz порталы. Одан бөлек, 14 жуық қолдан істелген жарылғыш құралдары табылған. Пактия, Гильменд, Ганзи, Хост, Кандагар, Нимруз және Такар өңірлерінде арнайы операциялар жүргізілген. Қазір елде үкіметтік әскер мен талибан қозғалысының арасында қиян-кескі шайқас жүруде. Доха қаласында 18 жылдан бері АҚШ үкіметі мен талибан қозғалысы келісімге келіп, құжатқа қол қойғалы бері елде соғыс қимылдары күшейген. Осы жылдың қыркүйек айына дейін АҚШ ауған жеріндегі өз әскерін толық шығарып әкетеді.

Жүктелуде...