АҚШ-тағы Каспий Саясат Орталығының делегациясы Түркі академиясына арнайы келді
АҚШ-тағы Каспий Саясат Орталығының делегациясы Түркі академиясына арнайы келді
ашық дереккөзі
12 шілде күні Түркі академиясына штаб-пәтеріне АҚШ-тың Вашингтон қаласында орналасқан Каспий саясат орталығының (CPC) делегациясы арнайыкелді деп жазады академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. СРСБас директоры Эфган Нифти басшылығындағы делегация құрамында АҚШ–тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі және CPC Басқарма кеңесінің мүшесі Ричард Э. Хоагланд, CPC бағдарлама маманы Джереми Коэн болды. Мәртебелі меймандарды Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі қарсы алды. Екі жақты кездесу барысындааталған орталықпен Түркі академиясы арасында тұрақты әріптестік байланыс орнату мәселелері талқыланды.Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліұйымның мақсаты мен қызметі туралы кеңінен мәлімет беріп, БҰҰ, ЮНЕСКО және ИСЕСКО сияқты іргелі халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлеріндеАкадемия тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар жөніндеайтты.Өз кезегінде делегация жетекшісі Эфган Нифти CPC-тыңАҚШ-тағы Каспий маңы аймағы туралы зерттеулер жүргізетін маңызды сараптама орталығы екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы ресми сапары аясында Академияға келегенін мәртебесанайтынын жеткізді.Кезедсуде сөз алған Елші Ричард Э. Хоагланд өзінің бірнеше жылдар бойы Қазақстан мен Әзербайжанда қызмет еткенін және Орталық Азия аймағының халықаралық аренадағы маңызы едәуір артқанын атап өтті.Түркі академиясы жүзеге асырған жобаларды жоғары бағалаған делегациябасшысы Эфган Нифти Каспий саясат орталығының Академияментығыз ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін мәлімдеді.Кездесу соңында ұйымбасшысы Дархан Қыдырәлі CPC Бас директоры Эфган Нифтиге Академия шығарған бағалы басылымдарды сыйға тартты.