Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталының меншікті тілшісі.
Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.
Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax мен қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 1,02 % құрайды. Облыста 846 038 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 570-і бос.
Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді. Олардың 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.