"Нұр Мүбәрак" мешітінің аумағында адам зорланды деген айқай-шудан кейін құлшылық үйінің имамы үн қатты. Естіген боларсыздар, кешелі-бері мешіт күзетшісі 18 жастағы жігітті мешіт зорлапты деп ел шулап жатыр. Белгілі адвокат Айман Омарованың айтуынша, азғын бозбаланы бес сағат бойы азаптаған. Ал әлеуметтік желі арқылы жұртпен байланысқан атамыш мешіттің имамы Қайрат Жолдыбайұлы осы төңіректегі тәртіпке жауапты қызметкердің мешітке түк қатысы жоқ деп мәлімдеді. Сонда ол күдікті қай жерді күзетеді? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға жайлы алғаш болып танымал адвокат Айман Умарова хабарлады. Оның сөзінше, зорлық осыдан бір ай бұрын жасалыпты. 6 маусым күні сағат 11-лер шамасында мешітке құран оқытуға келген бозбаланы күзетші ұстап алып, өзі отыратын жерге апарып қол-аяғын матап, аузын тұмшалап тастапты. Ұрып-соғып, содан кейін арам ойын жүзеге асырған. Ал қылмысын жасыру үшін барлық камераларды айналып өткенге ұқсайды.
АЙМАН УМАРОВА, АДВОКАТ: "Сексуалдық спаттағы зорлық-зомбылық көрсетеді. Бір рет. Содан кейін шығады да, қайтадан бір уақыттан кейін келіп тағы да істейді оны. Сөйтіп сондай жағдай болады. Сонан кейін, біткеннен кейін шешкеннен кейін оны жуындырады. Мешітке барып, мешіттің артындағы дәрет алатын жер, сол жерге барып, 2-шші этаж ба, 3-ші этаж ба, соған жуғыздырады"
Күдікті арам пиғылын жүзеге асырған соң, жәбірленушіге шу көтерсең өлтіремін деп қорқытыпты. Содан болар бозбала анасына болған жайды бірден айта алмапты. Шешесі үстіндегі жарақаттарды байқап қалғаннан кейін ғана баяндап беріпті. Туыстары естіген бойда адвокатпен бірге барып, полицияға шағым түсірген.
Жәбірленуші қорлық көрсеткен адамды жазбай танып, оқиғаның қай жерде, қалай болғанына дейін көрсетіп беріпті. Бірақ, оны көрген кезде тұла бойы дірілдеп, үрей билепті. Ал күдікті оны ала көзімен атып сес көрсеткен
АЙМАН УМАРОВА, АДВОКАТ: "Бөлмені көрсетті, столды көрсетті. Мүмкін басқа шығар деп, шатастырып тұр ма десек, жоқ ол емес, мынау деп тұрып алды. Сонымен тергеуші де сұрап жатыр. "Қолыңды байлады ғой немен байлады?" деп едім, жіппен деді. Жіпті қайдан алды десем шкафты көрсетеді. Шкафты ашсақ оның ішінде жіп те бар".
Ал "Нұр-Мүбарак" мешітінің басшылығы осы қылмысты жасады деген күдіктінің университет пен мешітке еш қатысы жоқ екенін айтады.
ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, «НҰР-МҮБАРАК» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ: "Өйткені аталған ғимараттар 6 гектар жерде орналасқан. Осындай үлкен територияны күзету үшін "Нұр-Мүбарак" университеті «Скимен.KZ" атты арнайы лицензиясы бар күзет агентствосымен ақылы негізде келісім-шартқа отырған. Сондықтан бүкіл территорияны күзету ісі осы аталған агентствоның мойнында. Жаңағы айталған оқиға орын алған жағдайдың өзінде жауапкершілік осы компанияның қызметкерлеріне тиесілі болады. Жауапкершілік солардың мойнында",.
Бір белгілісі күдікті 46 жаста екен. Қанша уақыттан бері жұмыс істейтінін күзет агенттігінің басшылығы ашып айтпады. Тек өз қызметкерлерінің кінасыз екеніне сенімді.
"СКИМЕН.KZ" КҮЗЕТ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: АУДАРМА «Қылмыстық оқиғаның болмауына, сондай-ақ айғақты дәлелдердің жоқтығына байланысты қазіргі таңда "Скимен.KZ" күзет агенттігі қызметкерінің кінәсі дәлелденген жоқ».
Айман Умарова тағы бір джеректің шетін шығарды. Қылмыс жасалған кезде оны өзге күзетші көріпті. Алдымен терезеден, одан кейін ішке кіріп жәбірленушінің байлаулы жатқанын көрген екен. Полицейлердің тайтуынша, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденетін болса 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=rKPLzOHcB6M[/embed]