Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ерке сылқым» күйінің авторы жайлы не білеміз?

«Ерке сылқым» күйінің авторы жайлы не білеміз?

«Ерке сылқым» күйінің авторы жайлы не білеміз?
ашық дереккөзі
Тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлғаның бірі – дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаев.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың бір ғана «Ерке сылқым» күйі қазақтың тұтас дәуір келбеті деуге болады. Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген күйшінің өнер туындысы жарты ғасырға жуық тылсым да терең әуезімен әлдилеп келеді. Жалындаған ой мен сырлы сезімнің жауһар же­місі «Ерке сылқым» туралы халық жазушысы Шерхан Мұр­таза «Әбдімомынның «Ерке сылқымы» – қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын қанатты туынды» деп жоғары баға берген екен. Шынымен де «Ерке сылқым» – елдің қазынасына айналған ерекше музыка, ерен құбылыс. Әбдімомын Желдібаевтың отызға тарта күйі мен жиырмаға жете әнінің ішінде – елін сүйген, елі сүйген Елбасына арнаған «Нұрсұлтан» атты күй-дастанымен шоқтығы биік. Алаштың егемендігін күймен жырлап, Елбасының ерен ерлігін сазбен суреттеген дәулескер күйшінің бір артықшылығы да осы болса керек. Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ ор­кестрі де Желдібаев әлеміне дендей еніп кеткен. Осы жерде көркемдік жетекші һәм бас дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов екенін айта кеткен жөн. Кештің көркемдік жетекшісі Әлқуат Қазақбай да сол күй кеңістігін көрермен көңілімен кемелдендіріп жіберген. Ал күй кешінің алғашқы айшықты сөзі мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің күй өнеріне қатысты ұлағатты ойы­мен өрнектелсе, Қазақстан Республикасы Президенті Кең­­сесінің бастығы Махмұт Қа­сымбеков бастаған зиялы қауым өкілдері де жылы лебіз­дерін білдірді. Ол қатарда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева да бар. Әбдімомын Желдібаев күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Жамбыл облысында туған. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақты «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Құрмет» орденімен марапатталған. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=O0qkv9e67rM&feature=emb_title[/embed]