Асхат Оралов Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Асхат Оралов Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Оралов Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. Әр жылдары "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Соңғы жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Әкім орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады.