weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тарих қайталанады: Путин Росгвардия құрамында казактардың бөлімшелерін ашуды құптады

Тарих қайталанады: Путин Росгвардия құрамында казактардың бөлімшелерін ашуды құптады

Тарих қайталанады: Путин Росгвардия құрамында казактардың бөлімшелерін ашуды құптады
ашық дереккөзі
Путин Росгвардия құрамынан казактардың бөлімшелерін ашуды құптады деп мәлімдеді оның Солтүстік-Кавказ федералдық округіндегі өкілетті өкілі Юрий Чайка. Бұл туралы ria.ru сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды. Нальчикте өткен казактардың «Казачье единство — 2021» Еуразиялық форумында сөйлеген сөзінде Ю.Чайка президентке тиісті ұсыныс жіберілгенін, В.Путиннің бұл бастаманы қолдағанын айтқан.
«Казактардың батальоны, полкы болады. Ол тек казактардан құралады. Орналасу аймағы казактар тұратын өлкеден таңдалады» - деген Ю.Чайка өз сөзінде.
Естеріңізге сала кететін жайт, Чайка бұл ұсынысты наурыз айында айтқан. Ол кезде ол казактар Росгвардия немесе Қорғаныс министрілігімен байланыс орната алады деген. 70 жастағы Юрий Чайка ресейдегі ауыр салмақты саясаткерлердің бірі. 1999-2006 жылдары әділет министрі, 2006-2020 жылдары РФ Бас прокуроры лауазымын атқарған.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→