Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Белгілі қоғам белсендісі: ондай үкіметті несіне ұстап отыр?

Белгілі қоғам белсендісі: ондай үкіметті несіне ұстап отыр?

Белгілі қоғам белсендісі: ондай үкіметті несіне ұстап отыр?
ашық дереккөзі
Неге тек қана Ауыл шаруашылық министрі орнынан кетті, тұтас Үкіметті алып тастау керек еді. Қолынан айтарлықтай түк келмейді. Маминге өз потенциалын көрсетуге жеткілікті уақыт берілді ғой. 2019 жылдан бастап отыр. Осы Үкімет ел тарихындағы ең әлсіз, ең сылбыр үкімет-ау – деп жазды белгілі қоғам белсендісі әрі блогер Асхат Қасенғали өзінің фейсбук парақшасында.   Оқырмандарға А.Қасенғалидың постының одан әрі толық нұсқасын ұсынуды жөн көрдік. «2020-ның жазында вирустан қырылып жаттық. Оны "халық вирусқа сенбеді, карантинді ұстанбады" деп ақтап алғысы келетіндер бар. Солай болған күннің өзінде дәріханада дәрі жоқ, маска тапшы. Қарапайым маска жоқ. Халық вируспен бетпе-бет қалды. Халық тыныс алу балондарын бір-бірінен сұрап, шетелден өздері жеткізіп жатты. Бұл жағдай туралы тіпті Тоқаев Үкімет жиынында айтты. Сондай жағдайда жылдам әрекет етуі тиіс Үкімет тым баяу қозғалды. Ол баяу қимылдың салдары мыңдаған адамның өлімі болды. Ондай Үкіметті неге әлі ұстап отыр? Вакцина мәселесіне келейік. Тағы да мәселелер көп. Алдымен отандық вакцина уақытынан кеш шықты. Басында Казковидин деп аталып, кейін КазВак болып әйтеуір шықты. Уақытынан кешікті. Халыққа таңдауға ДДСҰ мойындаған вакциналарды емес, ресейлік өнімді ұсынып жатыр. Әлі бірде бір бізде ДДСҰ мойындаған вакцина жоқ. Ондай вакцинаны жеткізуге тікелей Үкімет (денсаулық сақтау министрлігі) жауапты. Жеткізбеді. Күтіп отырмыз. Бүгін сол үшін президент сөгіп тастады. Мұндай Үкімет керек па? Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алудың қажеттілігін дұрыс түсіндіре алмауда. Халықтың ойын шынайы медициналық фактілер емес, уатсаптағы видеолар қалыптастыруда. "Вакцина алғаннан кейін де вирус жұғуы мүмкін, өйткені әр адамда иммунитет әрқилы қалыптасады. Жұққан күннің өзінде жеңіл өтеді" деген сынды видеолар жоқ. Қысқасы ақпараттық толқында министрлік толық жеңілді. Оның үстіне күзге дейін 10 млн вакцина алады деген. Үлгермейтін сияқты. Вакцинаны күшпен емес, саналы түрде алатындай ақпараттандыру шаралары жоқ. Оған тек қана денсаулық министрлігі емес, тұтас Үкімет жауапты ғой. Ондай Үкіметті несіне ұстап отыр? Биыл қымбатшылық шарықтап кетті. Азық-түлік, жанармай. Қоймадағы азық-түлікті өзге елге сатып, өзіміз үш есе қымбат бағамен алдық. Досқа күлкі, дұшпанға таба болдық. Бұл тек қана ауыл шаруашылық министрінің кінәсі емес, тұтас Үкіметтің олқылығы. Бағаны ұстап тұра алмаған билік былтыр 30 млрд теңге тұрақтандыруға бөлсе, биыл 50 млрд бөлді. Демек қауқарсыз. Ондай Үкіметті несіне ұстап отыр? Маңғыстау, Қызылордада қуаңшылық. Жұт. Мал қырылуда. Үкімет түрлі күштерді жұмылдырып, жедел әрекет етудің орнына екі апта сылбыр қозғалды. Шөпті қарапайым тұрғындар жеткізіп жатыр. Азаматтар өз мәселелерін өздері шешіп алса, онда Үкіметтің не керегі бар. Ондай Үкіметті несіне ұстап отыр? Үкіметті тұтас ауыстыратын сәт келген жоқ па?».