Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары рэп оқып жұртты тәнті етті

Облыс әкімінің орынбасары рэп оқып жұртты тәнті етті

Облыс әкімінің орынбасары рэп оқып жұртты тәнті етті
ашық дереккөзі
«I am not a rapper» деген жазуы бар жейдемен жұрт алдына шыққан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов жастармен кездесу барысында Вавянның «Город на Иртыше» әнін орындаған. Бұл туралы жас шенеуніктің инстаграм парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды. Инстаграм парақшасында «әйелім маған әрқашан: "сен реппер емес, әкімнің орынбасарысың ғой" - дейді, бірақ бүгін мен 3 минут ішінде осы екі қырларымды біріктіруге тырыстым 😁» (орфография сақталды) – деген Сәкен Шаяхметовтың жүктелген видеосы желіде қызу талқыға түскен. @dinka.kt есімді қолданушы «Қатырдың Сәкен👏 дұрыс қой, елде барлық проблема шешіліп, енді өнерді көтеру қалды. Постта жазған қазақша текстіңді түсінеді ме екенсің? 🤔 Бибігүлден келдік 🙋‍♀️» деп пікір қалдырған. Сәкен Шаяхметов болса, өз постының соңында жас шенеуніктер Данат Жұминды (креативті экономика саласының маманы) және Мұхтар Манкеевті (БҚО әкімінің орынбасары) және Асхат Ораловты (ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі) тегтеген. Айта кететін жайт, Сәкен Шаяхметов 31 жаста. «Қазақстанның Халық банкінің» басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова оның анасы. Әкесі болса белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтың ұлы және «KMG International N.V.» компаниясының Бас директоры Бейімбет Шаяхметов. Шайсұлтан Шаяхметов 1993-1994 жылдары ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болса, оның немересі Сәкен Шаяхметов 27 жасында ҚР премьер-министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған. Президенттік жастар кадр резервінің ТОП-3 кірген. [embed]https://www.instagram.com/tv/CRHR-twALKw/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]