Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Омаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды деп жазады akorda.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Осы орайда, танымал журналист Ришат Асқарбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына «Министр кетті, проблема қалды.
Жұмыстан кеткені өзіне ғана жаман. Басқаға келіп кетер ештеңе жоқ. Ал халық қиналғанның үстіне қиналып отыра береді. Президент мұны жүйелік проблема деп ұқса да, бір министрді жұмыстан қуып жіберу арқылы, мәселені шешпек пе? Келесі келеді де, ол да кетеді. Проблема қалады» деп жазды.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл постты қызу талқылап өз пікірлерін білдірген. Мәселен, Гала Бақтыбай есімді қолданушы «Солғой сол соған дұрыс деп бәрі шулап әлек тереңіне үңілу жоқ» деген пікір қалдырған.