Қазақстандағы ландшафтарды қалпына келтіру жөніндегі жобаны іске асыру басталады

Қазақстандағы ландшафтарды қалпына келтіру жөніндегі жобаны іске асыру басталады

ашық дереккөзі

 width= 2021 жылғы 1 шілдеде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто Қазақстандағы ландшафтарды қалпына келтіру жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Жоба Жаһандық экологиялық қор бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылып, оның көлемі көлемі 4,3 млн, АҚШ долларын құрап отыр. Мұны -  Дүниежүзілік банк бөледі. Жобаны іске асыру мерзімі - 2021-2025 жылдар аясы. Жоба орман шаруашылығын дамыту мәселелерін қозғайды, фермерлермен және жергілікті қоғамдастықтармен тозған жерлерді орман өсіру арқылы қалпына келтіру бойынша жұмысты көздейді. Жоба шеңберінде: - Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғатылған түбіндегі 300 мың га алаңдағы мемлекеттік орман қорының жерлерін картаға түсіру; - Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғаған түбіндегі мемлекеттік орман қоры жерінде 50 мың га алаңда орман өсіру үшін жобалау-іздестіру; - Қызылорда және Түркістан облыстарында 100 мың га алқапта есепке алынбаған ормандарды (ғарыштық түсіру мен орман орналастыруды қоса алғанда) түгендеу; - Қызылорда облысының Қазалы орман мекемесінде жыл сайынғы өнімділігі 4 млн. дана сексеуілге жететін,  көшетін алаңы 33 га болатын орман питомнигін құру; - Қызылорда қаласының айналасында 3 мың га алаңда Жасыл аймақ құру; -Щучинск қаласындағы «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК базасында орман тұқымдарының генетикалық банкін құру; - Жамбыл облысының Қосқұдық орман мекемесі және Қызылорда облысының Қазалы орман мекемесі үшін Орман шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу секілді іс-шаралар қаратырылған. Бұл жобаны іске асыру республиканың ормандылығын арттыруға, Қызылорда және Жамбыл облыстарының орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Өз кезегінде Қызылорда қаласының айналасында жасыл аймақ құру желдің теріс әсерін, жердің тозуын азайтады және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады. Жалпы, аталған барлық шаралар Мемлекет Басшысының 2 млрд.ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында орман шаруашылығы жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Жүктелуде...