Сатыбалды Нарымбетов туралы 8 дерек

Сатыбалды Нарымбетов туралы 8 дерек

ашық дереккөзі

 width=
8 шілде күні қазақ киносы қара жамылды. Танымал режиссер, сценарист, жазушы Сатыбалды Нарымбетов  75 жасында қайтыс болды. Осы орайда, newsroom.kz порталы белгілі кино майталманының отбасы мен оның көрермендеріне қайғыра көңіл айта отырып, ол туралы 8 деректі оқырман назарына ұсынады.
1. Сатыбалды Жәлелұлы үш жыл бұрын құрылған Түркістан облысына қарасты Ащысай ауылында туған.
2. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.
3. Ұстазы Георгий Данелия 2019 жылы қайтыс болды. 1930 жылы Тбилисиде туған.
4. Г.Данелияның курсына дейін Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын 1969 жылы бітірген.
 width=
5. 1970 жылдан бастап, 50 жылдан астам - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болып қызмет істеген.
6. Сатыбалды Нарымбетов екі бірдей шығармашылық бірлестіктің ҚР Жазушылар және ыдырап кеткен КСРО Жазушылар Одағының мүшесі болды.
7. 2016 жылы Кенесары хан мен тарихшы және Абылай ханның ұрпағы тарихшы Ермұхан Бекмахановқа арналған «Аманат» фильмін түсірді.
8. Кино саласынан бөлек, «Тентек» және «Ассалаумағалейкум, Атлантида!» атты повесть, әңгімелер жинағы жарық көрген.

Жүктелуде...