Иманбектің Роза Рымбаеваға берген жауабы туралы толық ақпарат

Иманбектің Роза Рымбаеваға берген жауабы туралы толық ақпарат

ашық дереккөзі

 width= Мен оның ойын сынамаймын! Грэмми сыйлығының иегері, диджей Иманбек Зейкенов Халық әртісі Роза Рымбаеваның пікіріне жауап берді.  Бұл туралы  newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Иманбек ЗЕЙКЕНОВ, «GRAMMY» сыйлығының жеңімпазы: «Это старшее поколение. Я никогда не буду это критиковать. Я не буду спорить. Это ее мнение. Я послушал и понял. Вот и все».
Ел тарихында тұңғыш рет ән әлемінің Оскарын иеленген отандасымыз Роза Рымбаеваға еш ренжімейтінін де жеткізді. Естеріңізге салайын, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық порталдардың біріне берген сұхбатында Халық әртісі танымал диджейге қатысты сыни пікірін айтып қалған болатын.
 Роза РЫМБАЕВА, халық әртісі: «Оның жай ғана жолы болды. Мысалы қазір қайда ол? Ары қарай не істейді? Керек уақытта керек жерден табыла қалды. Ол кәсіби музыкант емес қой. Жай ғана компьютердің көмегімен әуеннің ырғағын өзгерте салды».
Ал Иманбек Зейкенов  "Грэмми" жүлдесін ұтып, музыка индустриясындағы ең абыройлы марапатқа ие болған отандасымыз. Ол әлемдік хит болған «Роузес» әнін жаңа ырғаққа салып, небәрі 20 жасында үздік ремикс номинациясын иеленген еді. https://www.youtube.com/watch?v=HyVPuBnCPdU

Жүктелуде...