
Елімізде әуе билеттері айтарлықтай қымбаттады деп жазады
stat.gov.kz сілтеме жасаған
newsroom.kz тілшісі.
Басылымның жазуынша жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 22,7%, қалааралық автобуспен 2,4% қымбаттаған. Одан бөлек күнделікті тұтынатын тауарлар да айтарлықтай көтерілген. Мәселен, сәбізге – 1,9 есе, қызылшаға – 1,5 есе, картопқа – 40,7%, күнбағыс майына – 5,6%, қой етіне – 2,7%, жармаларға – 1,8%, құмшекерге – 1,5%, құс етіне, жылқы етіне – 1,4%-дан, ет өнімдеріне – 1,1%, макарон өнімдеріне, нанға – 0,8%-дан, жаңа жиналған жемістерге, шайға 0,7%-дан белгіленген.
Ауа-райының күрт ысығанынан ба, жоқ әлде басқа да себептер болды ма, минералды және ас су – 1,3%, салқындатылған сусындар, алкогольды сусындар 0,9%-дан қымбаттапты.
Кеше дәрінің қымбаттағанын жазып ек, бүгін жоғарыдағы өнімдерді жаздық. Ертең ненің бағасы қымбаттар екен...?