Ресейде коронавирустан бір тәулікте 697 адам өлген

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 697 адам өлген

ашық дереккөзі

 width= Ресейде соңғы бес күнде коронавирустан қайтыс болған адамдар саны күрт артуда деп жазады currenttime.tv сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. Соңғы тәуліктің өзінде 697 адам өліп, 24 мың 439 адамнан жұқпалы дерт табылған. 17 мың 899 адам ғана аталмыш аурудан айыққан. Ресейлік дәрігерлердің бақылауында 395 мың 120 адам емделуде. Деректерге сүйенсек, маусым айынан бері теріс статистика Ресейде күрт көтерілген. Бір ғана Санкт-Петербург қаласында өткен бір аптада емханаға 7 мың адам түскен. Пандемия басталғалы РФ 137 262 адам ковид індетінен көз жұмған. 5 млн 585 мың адам былтыр басталған жұқпалы дертті жұқтырған.

Жүктелуде...