weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

12 жастағы бала ең жас гроссмейстер атанды

12 жастағы бала ең жас гроссмейстер атанды

12 жастағы бала  ең жас гроссмейстер атанды
ашық дереккөзі

Мишра Америкалық Абхиманью Мишра 12 жасында гроссмейстер атағына ие болды. Ол ресейлік шахматшы Сергей Карякиннің рекордын жаңартты, деп хабарлайды  Newsroom +ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап. АҚШ-тың Нью-Джерси штатының тумасы Абхиманю Мишра Эло рейтингісі бойынша 2500 ұпай жинап, титулға қол жеткізу үшін үшінші норманы орындағаннан кейін гроссмейстер ретінде танылды. Мишра шешуші сайыста үндістандық Леон Мендоканы жеңген. Ол шахматтағы ең жоғарғы лауазымға 12 жаста, төрт ай, 25 күнде ие болды. Бұған дейінгі рекорд шахматшы Сергей Карякинге тиесілі еді, ол 2002 жылы 12 жас жеті айында гроссмейстер атанған. 2009 жылы дүниеге келген Мишра жеті жасында АҚШ шахмат федерациясының сарапшысы болды, тоғыз жасында ең жас ұлттық шебер, ал 10 жасында халықаралық шебер атағын алған.