weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ордабасы ауданында партияның жаңа ғимараты ашылды

Ордабасы ауданында партияның жаңа ғимараты ашылды

Ордабасы ауданында партияның жаңа ғимараты ашылды
ашық дереккөзі
 width= Бүгін Ордабасы ауданының ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХLVІ конференциясы өткен болатын. Сол жиын соңында қуанышты оқиға болды. Алдымен «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғимараттың лентасын партия ардагері Бостандық Жәкей мен партияның Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Бағлан Батыршаев қиып, жұртшылықты құттықтады.  width= Демеушілер есебінен салынған ғимаратта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Қоғамдық қабылдау бөлмесі, қажетті инфрақұрылымы бар. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев әріптестерінің жұмысына сәттілік тілеп, ел сенімін ақтайтындарына сенім білдірді. Сонымен бірге демеушілер тарапынан Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалына автокөліктің кілті тапсырылды.