Жаңадан тағайындалған министрге президент Жарлығымен арнайы полиция полковнигі атағы берілді деп жазады
centralasia.media сілтеме жасаған
newsroom.kz тілшісі.
Ашхабадта өткен жиналыс барысында Г.Бердымухамедов ішкі істер министрі Мамметхан Чакыевті жұмыстан босатты. Ол өткен жылдың соңында жұмысындағы кейбір кемшіліктері үшін сөгіс алған болатын.
Жаңадан тағайындалған Овездуры Ходжаниязовқа полковник шені берілді. Ол осы уақытқа дейін ІІМ орынбасары лауазымын атқарған. 2019 жылы қазан айында тағайындалған Мамметхан Чакыев басқа жұмысқа ауысуына байланысты деген графамен жұмыстан кетіп отыр. Оған дейін бұл қызметті істеген Исгендер Муликов сотталып кеткен.