Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Талғат Нәрікбаев: сервистік полиция құрып жатырмыз

Талғат Нәрікбаев: сервистік полиция құрып жатырмыз

Талғат Нәрікбаев: сервистік полиция құрып жатырмыз
ашық дереккөзі
   width=  Меценаттардың көмегімен Қазақстанда алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды. Бастама  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевтің тапсырмасымен  ҚР ІІМ «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Аталған УПП-ның ерекшелігі -  азаматтардың қажеттіліктері, учаскелік полиция инспекторларының функционалдық міндеттері ескеріліп, арнайы жабдықталды. Кеңседе азаматтарды қабылдауға, жиналыс өткізу үшін 10 орынға шақталған жеке бөлме бар, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген ана мен балаға арнайы бөлме қарастырылды, қызметкерлердің киімін қоюға арналған шкафтар мен құжаттарды сақтауға арналған жәшіктер қарастырылды. Одан бөлек, пробация қызметкеріне бір бөлме және кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторға жеке бөлме берілді. Сондай-ақ қызметкерлердің демалыс бөлмесі мен ас үй де толығымен жабдықталған. Жалпы ғимараттың ауданы 8 жұмыс орны мен тіркеу бөлімін қосқанда 156,65 м² құрайды.  width= Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі Б.Т. Есполов жаңа учаскелік пункт үшін кеңсе бөлді. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті «NAK» құрылыс компаниясымен бірге учаскелік полиция пунктінің заманауи стильдегі дизайнын жасап, жобалау және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар техникалық жабдықтарын алып, ғимаратты толығымен  қайта жабдықтады. КАЗГЮУ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, жоғары оқу орнының қызметкерлері инспекторлармен тереңдетілген сұхбаттар жүргізіп, арнайы әдістеме дайындаған.
 «Пилоттық аймақтағы 29 полиция қызметкерінің жұмыс уақытына хронометраж жүргізу барысында бақылаушылар (университет қызметкерлері мен студенттері) учаскелік және патрульдік полиция қызметкерлері жұмысының күрделілігі мен ауырлығын зерттеді. Зерттеу барысында полиция қызметкерлерінің жұмысы қауіп-қатерге толы екеніне қарамастан тиімді және жайлы орында жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасалмағаны анықталды»,- деді ол.
Сөзінің соңында Талғат Нәрікбаев: «Қазақстандағы басқа учаскелік полиция пунктері де осындай болғанын қалаймыз. Біз сервистік полиция құрып жатырмыз», - деп атап өтті.  width= Полиция қызметкерлері және пилоттық аудандағы полиция департаментінің басшылық құрамы университет базасында «Кикілжің психологиясы», «Құқықтық талдау негіздері», «Эмоционалды интеллект», «Құжаттарды рәсімдеу» курстарын оқып, кәсіби  біліктілігін арттырды. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Қуаныш Бәкібаев пилоттық жоба болашақта жемісін беретініне сенімді:  «Елордалық полиция қызметінде өзгерістер болып жатқанын көріп отырмыз. КАЗГЮУ Университетінде біліктілікті арттыру курсынан өттік. Пилоттық жобаның арқасында болашақта іс-қағаздар жұмысының басым бөлігі электронды форматқа ауысады. Ол өз кезегінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді».  width= Аталған учаскелік пунктінің штаттық құрамы курс нәтижесі бойынша оқытушылар берген ұсыныстардың негізінде жасақталатын болады.