weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Данияр Тұрғамбаев комитет төрағасының орынбасарлығына тағайындалды

Данияр Тұрғамбаев комитет төрағасының орынбасарлығына тағайындалды

Данияр Тұрғамбаев комитет төрағасының орынбасарлығына тағайындалды
ашық дереккөзі
 width=Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Тағайындалуға дейін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі «Көлсай Көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарған. Данияр Тұрғамбаев 1987 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «аңшылық тану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдарда Қонаев атындағы университеттің «қаржы» және «заңтану» мамандықтарын бітіген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман «Алтын емел» МҰТП-де маман болып бастаған.