Атышулы сот ісіне үкім шықты

Атышулы сот ісіне үкім шықты

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_55132" align="alignnone" width="800"] width= Фото: Loyer.com.ua[/caption] Алматыда «Олимп» букмекерлік кеңсесінің жұмысшыларына қатысты үкім шықты.Бұл туралы newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алмалы аудандық сотында ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар 20-дан астам айыпталушының ісі қаралды. Олардың 11-і қолға түссе, 9-ы әлі де іздеуде жүр. Бірнеше бап бойынша айып тағылғандықтан сот олардың барлығына 5-тен 8,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Тергеу мәліметінше, сотталушылар мен іздеуде жүргендер экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін тұрақты ұйымдасқан топ құрып, оның қызметін басқарған. Бірақ, сотта айыпталушылар қылмыстық топтың жұмыс істегенін білмегендерін айтып, ақталуға тырысты. Алайда, сот барысында бәрінің кінәсі дәлелденген. Құйтырқы әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 95 млрд теңгеден астам материалдық залал келіпті. Енді сотталғандар осы қомақты қаржыны мемлекет пайдасына материалдық шығын ретінде өндіріріп беруге міндеттелді. 

Жүктелуде...