Путиннің сәлемін алып келген Валентина Матвиенко кім?

Путиннің сәлемін алып келген Валентина Матвиенко кім?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстанға ресми сапармен    Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко келді. Ол сапар барысында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті деп жазады akorda.kz сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. Президентпен кездесу барысында, ресейлік саясаткер – сапар алдында Владимир Путинмен сөйлестім. Ол Сізге жүрекжарды сәлемін жолдады. Сондай-ақ Сіздердің сенімді әрі шынайы қарым-қатынастарыңызды жоғары бағалайтынын айтты. Қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың жүзеге асырылатынын нақтылады, – деді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллинмен кездесті. Осы орайда, 72 жастағы ресейлік Федерация кеңесінің өмірбаяны туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. 1949 жылы Украинада дүниеге келген Валентина Ивановнаның негізгі мамандығы – фельдшер. Бірақ 1972 жылдан бері Ленинград облысындағы партиялық-қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген. Тіпті дипломатиялық қызметтерді атқарған. Ресейдің Мальтадағы сосын Грекиядағы Елшісі лауазымында болған. Алайда В.Матвиенконың саясаттағы жұлдызды сәті 2003 жылы Санкт-Петербургтің губернаторы болған сәтте жанды. Осылайша Ресей тарихында үшінші Елші, КСРО-ның Мальтадағы соңғы Ресейдің бірінші Елшісі болған Матвиенко 2011 жылға дейін, яғни Федерация Кеңесіне сайланғанға дейін губернаторлық қызметті де көрді. Осы жылы Төрағалыққа өткен ол 2019 жылы аталмыш лауазымға үшінші рет сайланды. Неміс, ағылшын, грек тілдерін меңгерген ол 2018 жылы 15 млн 274 рубль таза табыс тапқан. Сергей есімді жалғыз ұлы және немерелері бар. Жұбайы – медицина ғылымдарының докторы, полковник Владимир Матвиенко 2018 жылы қайтыс болған.

Жүктелуде...