Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Түркістан: мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Түркістан: мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті
ашық дереккөзі
 width=
23 маусым – Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысының әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Оған Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков,Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов қатысып, облыстың мемлекеттік қызметшілерін құттықтады.
Салтанатты мерекеде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков сөз алып:

«ҚР Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен, 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген. Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Және реформалар мен елді жаңғыртуда, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда орларға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Азаматтарымыздың заңды талаптарының орындалуы сіздер мен біздерге байланысты. Қуатты, абыройлы Қазақстан құруға бағытталған , облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында еңбек етіп жүрген барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!»,-деді.

 width=
Шара барысында түрлі дәрежедегі еңбек өтілі бар бірқатар мемлекеттік қызметкерге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкер облыстық мәслихат грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының грамотасы мен алғыс хаты берілді.
 width=
Мерекенің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жергітікті атқарушы органдарында 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілер еңбек етіп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі