Алматыдағы аквапарктердің бірінде жеткіншектің  басына киім ілгіш құлап кеткен

Алматыдағы аквапарктердің бірінде жеткіншектің  басына киім ілгіш құлап кеткен

ашық дереккөзі

   width= Ал, Алматыдағы аквапарктердің бірінде жеткіншектің  басына киім ілгіш құлап кеткен. Оқыс оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіге жариялады. Азаматшаның айтуынша  келеңсіз жағдай аквапарк әкімшілігінің  қызметіне атүсті қарауынан болған. Егер киім ілгіш еденге бекітілгенде  оқыс оқиғаның алдын алуға болатын еді, дейді анасы.  Олеся Хисамутдинова баласының басындағы жұмсақ тіндерінің зақымдануынан денсаулығына зиян келе ма деп алаңдаулы. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олеся ХИСАМУТДИНОВА, зардап шеккен баланың анасы: «Мен баламның қасына келгенде басын ұстап қорқып қалғанын көрдім.  Төбесі мынандай болып ісіп кетіпті.  Маған жылап басыма киім ілгіш құлап кетті деп айтты. Невропатологта есепте тұрдық. Бізге "эпилепсия" деген диагноз қойыған. Мен баламды осы уақытқа дейін үш жыл бойы емдеткенмін. Абырой болғанда диагнозы расталмады.  Бірақ баламның денсаулығына әсер ете ма деп қорқамын».
Келген шығынды өндіру үшін Олеся полиция шағым түсіруді көздейді.  Ал аквапарк басшылығы оқыс оқиғаның болғанын растады. Олардың айтуынша киім ілгіш хауыздан алыс тұрыпты. Оған өзге баланың асылып алуына байланысты хауызға құлаған.  Оқиғаның қалай болғаны түсірілген видеоны демалыс орнының басшылығы тек құзырлы органдарға ғана береміз деп отыр. Дегенмен жауапкершіліктін қашпаймыз, дейді.
Айгүл АСТАЕВА, аквапарк директоры: «Бір кішкентай балаға бір демалушы қыз ілгіштиі түсіріп қалған. Жедел жәрдемнің қорытындысына сәйкес жұмсақ тіндері зақымданған.  Қажетті көмекті көрестуге дайынбыз».
https://youtu.be/1WyKHaZS3y0?t=620

Жүктелуде...