Джаз әлемінің жұлдызы Игорь Бутман - Түркістан драма театрының сахнасында. Түркі әлемінің рухани орталығы - Түркістан тарихында тұңғыш рет джаз фестивалін өткізді. «Turkistan Jazz Party I» гала - концерті Түркістан облысының құрылуының үш жылдығын мерекелеу аясында өтті. Іс - шара барысында жиналған 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат «Аружан Саин» қайырымдылық қорына аударылады. Джаз – көңіл-күй мен толқуға толы музыка. Джаз - бұл импровизация, мағыналы композиция ғана емес, жалпы ойлау тәсілі. Тек кәсіпқойлар игере алатын орасан зор еңбек. Кеш бағдарламасында «X BAND», «Дара», «Американо Бэнд», Гаухар Саттарова және STEPS тобы, Жанна Орынбасарова мен Band секілді танымал орындаушылар мен аты аңызға айналған джаз саксофоншысы Игорь Бутман өнер көрсетті.
Игорь Бутман - ресейлік саксофоншы, Таганкадағы Мәскеу джаз клубының көркемдік жетекшісі, Butman Music орыс-америкалық джаз этикеткасының иесі. 11 халықаралық фестивальдың продюсері. Жанды дауыста өнер көрсеткен джаз әуесқойлары көрермендерге сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, бұдан былай «Turkistan Jazz Party» Джаз фестивалі Түркістанда жыл сайын өткізілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі