Адамдарға қарсы соғысқан маймыл

Адамдарға қарсы соғысқан маймыл

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_54546" align="alignnone" width="449"] width= Суретте: Альберт Марр мен бабуин Джеки 1918 жыл, Ұлыбритания[/caption] 1915 жылғы соғыс кезінде Бірінші Оңтүстік Африка бригадасының қатарына шақырылған Претория (Оңтүстік Африка) тұрғыны Альберт Марр кішкентайынан өзі өсірген бабуин тұқымдас Джеки есімді маймылды өзімен бірге әскери қызметке алып кетуге рұқсат сұрайды. Джеки әскерде әмбебап сарбаз әрі бәрінің сүйіктісі болды. Қарауылда сарбаздармен бірге тұрды, жануарлардың өзіне тән инстинктінің арқасында ол дұшпандарды исінен байқап, қаруластарына үнемі ескертіп, олардың өмірлерін сақтап жүрді. Сондай-ақ, Джеки әріптестерінің көңілін көтеріп, шылым шегуді үйренді және ең маңызды әскери командаларды игере бастады. 1916 жылы Марр иығынан жарақат алған кезде, Джеки жараны жалап, санитарлар келгенге дейін онымен бірге болды. 1918 жылы Джекидің өзі де Бельгиядағы ұрыстардың бірінде жарақат алып, артқы табаны ампутацияланды. Елге оралған Джеки капрал әскери дәрежесі беріліп, үш жыл соғысқан еңбегі үшін медальмен және Претория қаласына сіңірген қызметі үшін де марапатталды. Оған маймылдардан бірінші болып ардегерлік китель және жауынгерлік белгіні тағып жүруге рұқсат берілді.

Жүктелуде...