8 жасында параличке ұшыраған анасын баққан Влад Кудряшов қазір қайда жүр?

8 жасында параличке ұшыраған анасын баққан Влад Кудряшов қазір қайда жүр?

ашық дереккөзі

 width= Осыдан біраз жылдар бұрын параличке ұшыраған анасын күтіп-баққа 8 жастағы Влад Кудряшовтың тағдыры талайдың көзіне жас үйірген еді. Ресейдің шағын ғана Добрянка қаласында туып-өскен Владтың отбасының басқалардан еш айырмашылығы болмайтын. Оның балалық шағыда кәдуәлгі ойын балаларынан өзгешелігі болмады. Тек әкелерінің аяқ астынан арақтың соңына түсіп ішіп кеткендігі болмаса. Маскүнем күйеуінен шаршаған Владтың анасы онымен ажырасып баракқа көшіп кетеді. Баласына лайықты тәрбие берем деген оның ойы бастапқыда жоспар бойынша келе жатқан-ды. Егер де аяқ астынан алып ұрған ауру болмаса. Әкелеріне сүйенер себеп те жоқ. Осылайша 8 жасында тамақ істеуді, үй жинауды, өзге де шаруаларды мойнына алған Влад бастысы – анасына сөйлеуді, жазуды жалпы алғанда өмір сүруді басынан үйрете бастайды. Жандары ашығансып, алып кеткен туыстарының шыдамы ұзаққа бармайды. Баланың жағдайын көрген әлеуметтік қызметкерлер оны алып кетеміз дегенде мән-жайды түсіндірген көршілердің сөзінен соң Владты анасымен қалдырады.  width= Анасын тастап кетпеген Влад Кудряшов 15 жасында өзінің сыныптасына үйленген. Настя есімді оның жас келіншегі бүгінде оның анасына бірлесіп қарасуда. Анасының жағдайына бола Добрянка қаласынан алыс ұзап кетпеген Влад дәнекерлеуші (сварщик) болып жұмыс істейді. Тапқан табысы анасы мен отбасын асырауға жетіп жатыр.  width= БАҚ өкілдерінің осыншама назарынан кейін жергілікті билік бұл отбасыға 2 бөлмелі жаңа үйдің кілтін берген. Владтың анасы Татьяна болса бүгінде оңалып келеді. Баласының махаббатының арқасында өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған ол тамақ пісіруді және үй жинауды қайта үйреніп үй шаруасына да көмектесуде. Бәлкім бұл отбасының 1943 жылы іргесі қаланған Добрянка қаласында тұруларында да бір мән бар шығар. Ана мен баланың арасындағы махаббаттың көрінісіндей болған Добрянка қаласындағы осы оқиға шынымен де лайықты кино түсірерлік жағдай.

IQ Песочница жазбасынан аударған ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Жүктелуде...