Киану Ривздың қазақстандық «егізі» интернет жұлдызына айналды (видео)

Киану Ривздың қазақстандық «егізі» интернет жұлдызына айналды (видео)

ашық дереккөзі

 width= Танымал голливуд актері Киану Ривздің оралдық «сыңары» Альберт Масуатов қазір интернет жұлдызына айналған. Оның ТикТок желісіне жүктеген бір видеосы 700 мың рет қаралған. Жас кезінен «Матрица» фильміндегі Неоға ұқсайсың деген сөзді жиі естіген оның әлемдік жұлдызға ұқсастығын жанындағы әйелі байқамаған. Күйеуінің Киану Ривзға ұқсайтынын естіген ол арнайы барып Джон Уик киносын көріп, таңқалысын жасыра алмаған. Альберт болса сақал-мұртын арнайы өсіріп, интернетпен шындап айналысуды қолға алған. Бүгінде ТикТокта оның 16 мың жазылушысы бар. [video width="576" height="1024" mp4="https://newsroom.kz/uploads/resized-images/2021/06/v10044g50000c34uni697rfttn3ufpa0.mp4"][/video]

Жүктелуде...