Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек көлемі артқан

Түркістан облысында МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек көлемі артқан

Түркістан облысында МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек көлемі артқан
ашық дереккөзі
 width=
 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі Түркістан облысы тұрғындарынан КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, консультациялық-диагностикалық, дәрумендер көрсеткіштерін анықтайтын зертханалық тексерулер және оңалту қызметтеріне сұраныс артқан. Сондай-ақ, варикоз, ультрадыбыстық аблация, инъекциялық склеротерапия және жүрек-қан тамыры ауруларын анықтайтын коронараграфиялық зерттеулер ақысыз көрсетілді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев мәлімдейді.
Биыл алғашқы медициналық-санитарлық көмек - 5%, Халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулер - 113%, Консультациялық-диагностикалық көмек - 62%, паллиативті көмек - 245%, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек - 31%, инфекциялар (КВИ есебінен) - 342%, онкогематология - 28% артады.

«Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында бөлінген қаражаттың 86,1 млрд теңгесі тегін кепілдендірілген медициналық көмекке (ТМККК), ал 60,7 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіндегі медициналық қызметтерге арналған. Қор биыл 81 медициналық қызмет көрсетушімен шарт жасады, оның 41-і – жекеменшік клиника. Облыстағы жекеменшік медициналық қызмет жеткізушілер үлесі – 50,6%. Жыл өткен сайын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет көрсетушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет көрсетушілер тізімін қордың fms.kz сайтынан қарауға болады» - дейді, А.Бейсенбаев.

 width=
Биыл Қор амбулаториялық-емханалық деңгейдегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтіп, стационарды алмастыратын көмекті, күндізгі стационар қызметін, қашықтан көрсетілетін медициналық көмекті, сондай-ақ профилактикалық тексерулерді, бала денсаулығын қорғау, мектеп медицинасы және онкогематология бойынша қаржыландыру көлемін көбейтуді көздеп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі