Бір аяғынан айырылған Павлодар тұрғынына жергілікті ақ халаттылар көмек көрсетуден бас тартты. Ал, күн санап жаны қысылған келіншектің ісінген екінші аяғын аман алып қалудың орнына дәрігерлер оған йод жағып, ем-дом жүргізуге кеңес берген. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі
«Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейін, көлік жуу бекетінде еңбек ететін Валентина Найдинаны өткен жылы жұмыс орнында ішімдікке сылқия тойып алған жүргізуші қағып кеткен еді. Қазір, Валентинаның екінші аяғы да бүгілмейтін халге жеткен. Тұрғынға шұғыл медициналық көмек қажет.
Маған шұғыл түрде ем қажет. Оңалту орталығында тиісті көмекті алсам деймін. Себебі, жалғыз аяғымды міне төртінші күн баса алмай қалдым. Артқы бөлігі іріңдеп жатыр. Қақпаған есігіміз жоқ. Аудандық, облыстық ауруханаларға бардық, бірақ мемлекеттік мекемелер маған қандай да бір көмек беруден бас тартып жатыр. Қарапайым ультрадыбыстық зерттеуге түсе алмай жүрмін", деді Валентина НАЙДИНА, зардап шегуші.
Травматологтың арнайы жазып берген нұсқауына қарамастан, қалалық аурухана дәрігерлері де Валентинаны емдеуден үзілді-кесілді бас тартыпты. Іске тек тілшілер араласқан соң ғана облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бір аяғынан айырылған әйелге көмектесуге уәде берді.
Бүгін осы науқасқа қатысты дәрігерлер арасында шұғыл консилиум өтеді. Ол жиналысқа біздің тәуелсіз сарапшыларымыз да қатысады деген жоспар бар. Аталған жиын қорытындысы бойынша, азаматшаға тиісті ем-дом тағайындалады. Сондай-ақ, алдағы оңалту орталығына жатқызу жайын да қарастырамыз", деді Эльмира ТЕМІРҒАЛИЕВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
https://youtu.be/bLMHQL-1AWw?t=384