Қостанайда жүргізуші көлікті басқара алмай, әйелді баласымен қағып кеткен, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"2021 жылдың 14 маусымында сағат 22: 30-да "102" пультіне Қайырбеков-Киевская көшелерінің қиылысында "ВАЗ 21102" маркалы автокөлігі баласымен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті", – деп хабарлады полиция.
32 жастағы жүргізуші Қайырбеков көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай, тротуарға шығып, баласы бар әйелді қағып кеткені анықталды.
Нәтижесінде ЖКО орнынан жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға 43 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді. 8 айлық бала дене жарақатын алды.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.