Қазақстан Республикасының Халық және рухани емшілері мекемесінің толық мүшесі Динара Орынтайқызы «рентген көзді әйел» деген атымен танымал. Емшінің қазіргі дерт жайында да өз айтары бар. Кейбір танымал тұлғалар да бұл кісінің алдын көрген екен. Ендеше төмендегі сұқбатқа назар аударыңыз, оқырман.
- Cіздің медицинаның күші аса жете бермейтін ең күрделі дерттердің бірі қатерлі ісік, онкологиялық ауруларын жазып жүргеніңізді естиміз. Жалпы орта есеппен бір жылда қанша адамды осы аурулардан емдейсіз? - Иә, кейде дәрігелердің емдей алмаған ауруларын емдегеніміз рас. Мысалы, Қарашаш, Ақжарқын деген кісілерде жатыр қатерлі ісігі болып, дәрігерлер «бізден қайран жоқ, дертіңіздің шипасы жоқ» деп шығарып тастағанда Алланың қалауымен емдеп, өздерінің дені сау қалыптарымен қайта қауышуына себеп болдым.
Бір жылда шамамен 16-18 адамды қатерлі ісіктен (рактан) жазамын.
- Емдеу тәсіліңіз туралы айтсаңыз... - Құдайға шүкір, елімізде дәрілік шөптер көптеп кездеседі. Ауруға шипа шөптер кеңінен таралған. Сондай шөптермен және көзімдегі рентген саулесімен емдеймін. Құран аяттарымен дем саламын.
Кейбір ем алушылар «дәрі ішіп жатырмын», деп маған келмей кетеді. Сосын дәрі көмек бере алмай жатқанда өзіме қайта келеді, менің емімнен соң жазылып кетеді.
- Сізге шет елден келіп ем алушылар болды дегенді естиміз. - Болды мемлекетіміздің астанасы болған Орынбордан, Омбы қаласынан, Моңғолиядан келгендер болды. Орынбордан Амина деген қыз қатерлі ісікпен ауырып келді. Ұлты – татар. Менің емімнен жазылып, әлі күнге араласып тұрамыз. Жұбайы екеуі медицина саласында қызмет етеді.
1990 жылы ресейлік арнаның «120 минут» деген таңғы бағдарламасынан мен туралы хабар таратты. Мәскеуден журналистер келіп «Правда» газетіне сұқбат алды. Сол хабардан соң шет елден келушілер саны артты. Мен енді бүгінде Малаховты бағдарламасына түскім келеді.
- Неге? - Себебі, мен өзімдегі және көзімдегі қасиетімді толық тани алмадым. Оған менің білімім жетпейді. Ресейлік танымал жүргізуші жүргізетін танымал бағдарламадан менің қасиетім туралы көрсетілсе, соны көрген ғалымдар бәлкім бір шешімін айтар деп үміттенемін. Кезінде атақты ғалым, биолог Виктор Михайлович Инюшин менің көзімді өзінің құрал-сайманымен тексергенде таң қалып, нақты түсіндіріп бере алмады. Бұл тылсым нәрсе. Өмірімде осының шешімін біліп, қандай қасиет екенін анықтап кетсем деген арманым бар. Мүмкін сол атақты журналист маған сол қасиетімді танып, біле алатын ғалымдарды тауып берер.
- Сізден ем алған адамдардың ішінде танымал жандар болды ма? - Әлі есімде кеңес үкіметі тұсында халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза ағамыздың бүгінгі «Егемен Қазақстан» сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы болып тұрған кезі. Маған келіп тамырын ұстатып кетті. Соңда Шерхан ағамыздың маған «нағыз емші тамырмен сөйлеген» дегені есімде қалыпты. Кейін журналист, жазушы Қали Сәрсенбайды жіберіп, сұқбат алдырды.
- Шерхан Мұртазаның тамырын ұстағанда не байқадыңыз? - Сол кезде менің Шерхан ағамызға: «Сізден ешқандай дерт байқамай тұрмын. Тек, жүрегіңізде ақау бар» дегенім есімде. Сонда ол кісі бетіме қарап күліп: «Қасиетіңнен айналдым» деп батасын берді.
- Шерхан атамыздан басқа танымал кісілер бар ма? - Танымал композитор Нұрғиса Тілендиевтің қатты нашарлап жатқан кезінде сол кісіні қарап беруімді сұрап, сол кісі жатқан емханаға апарды. Бауыр қатерлі ісігі екен диагнозы. Жаза алмайтынымды білдім. Себебі, жағдайы өте нашар болды. Тек дем салып бердім. Бірінші күні дем салып, ертесіне келгенімде «сен қарындасыммен ертерек емделгенімде дертімді сен жеңер ме едің» деді. Үш күн бардым. Мен барған уақытта Елбасымыз Тілендиевке орден тағып жатты. Дәлізде жарты сағаттай күтіп тұрып қалдық. Бұл 1998 немесе 1999 жылдары қателеспесем. Келіншегі жап-жас әдемі болатын.
- Сізге композитор ағамызды емдеп беруді кім сұрап, кім апарды? - Сол кездегі министр қызметін атқаратын кісі.
- Сіз адамның суретіне де қарап сырқатына диагноз қоя бересіз? Бұл қалай іске асады? Фотосуреттен адам ағзасын көру мүмкін бе? - Иә, әрине. Себебі. суретте адам ағзасы да тұрады ғой. Бірақ, бүкіл денесін түсуі қажет. Сосын сурет сапалы әрі жаңа түскен суреті болу керек. Мысалы, жақында бір әйел өзінің суретін жіберді. Өзі сырқат екен. Ал мен әлгі суреттен ештеңе байқамадым. Сөйтсек, сурет ескі сурет екен де, ол кезде ондай дерті болмаған екен. Кейіннен жаңа түскен суретін жібергенде ғана байқадым дертін. Тіпті не тамақ ішкеніне дейін көрінеді.
- Сіздің аты жаман вирустан да науқастарды емдеп жатқаныңызды бұқаралық ақпарат құралдары жазды. Жалпы осы вирус туралы сіз не дер едіңіз? - Мысалға, рак дегеніміз кәдімгі алма немесе өсімдіктерден табылатын майда құрт. Бірақ қызыл түрі. Оны мен көремін. Өте майда құрттар. Метастаз деп атайды ғылыми тілде. Ал вирус бұзаубасқа қатты ұқсайды. Бірақ үш басты жәндік. Оның ірі және майда түрі де кездеседі. Ол бірінші мұрын қуыстарына, тамаққа қонады. Сосын иіс сезу, дәм сезу жоғалатыны содан. Сосын барып өкпеге жол салады. Қонған жерін жеп қояды. Сосын бауырға түседі. Өз көзіммен көрдім, рентген көзбен.
- Вирустың сіздіңше емі қандай? - Вирус тұздан өледі. Тұзды көп пайдаланып, ауызды, мұрынды шаю керек. Себебі, вирус ауыз бен мұрын арқылы өкпеге түседі. Вирус түскен өкпеде жазылғанымен іздері калады. «Поражение легких» дейди оны. Ең алдымен ауаны тазалау керек. Вирус бұлт секілді көшіп жүреді. Мысалы, қазір Индияда болса, сосын бұлт секілді көшіп ары кете береді. Вирус қазір барлық жерде бар. Үйдің ішінде де бар. Мен оны күнде көремін. Ол үшін иммунитетімізді күшейту керек. Иммунитет әлсіз болса, ешқандай вакцина да көмектеспейді.
- Қазір осы сұқбатты оқып отырған оқырмандарға қандай кеңес берер едіңіз? -Әр адам дертінен айығуына алдымен өзі себепші болуы керек. аурумен күресе білуі керек. Қайрат, жігері болған жағдайда ғана дертін жеңіп шығады. Алла адамды өте шебер жаратқан. Мидың қуаты компьютер қуатынан көп есе қуатты. Егер әр адам дертке беріле салатын болса әлемде адам қалмайды. Баршаларыңызға дерттеріңізге шипа, дендеріңізге саулық тілеймін.
Біз де Сізге амандық тілейміз. Сұқбат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.
Сұхбаттасқан Ақнұр САҒАТҚЫЗЫ
Сұхбатты көшіріп басу үшін редакция рұқсат керек. Емшімен хабарласу Өз өтініші бойынша келесі нөмір көрсетілді: whatsapp 87756485303. Емделу барысы мен оның нәтижесіне редакция жауапты емес.