Түркістан облысы коронавирустық инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Вакцина салдыру көрсеткіші бойынша қазіргі кезеңде елімізде 1-орында тұр. Соңғы 2 аптада COVID-19 аурушаңдығы абсолюттік санда 440 жағдайдан 225 жағдайға дейін 2 есе төмендеген. Бүгінгі күнге дейін 293 мыңға жуық (91%) адам 1-компонентпен вакцина қабылдады. Өңірдің эпидемиологиялық ахуалы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрғалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.
Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 321 мыңнан астам доза вакцина жеткізілген. Сонымен қатар, ақпан айынан бастап 160 мыңға жуық дозадан барлығы 120 мыңдай (75%) адамға салынды. Отандық «QazVac» вакцинациясы 2000 адамға (100%) 1- доза, 879 (44%) адамға 2- доза егілді.
Мамыр айында «Hayat-Vax» вакцинасының 43 000 дозасы
жеткізілді. 1-дозасы 100% егілді. 15 мыңға жуық адамға (35%) 2 - доза салынды. Түркістан облысында 185 мың доза«Спутник-V» (Ресей, КФК) және 752 мың доза құрайтын «QazVac» отандық вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттары сақтала отырып, жалпы 128 егу пункттерінде вакцинация жүргізілуде.
СЭС мамандары коронавирустың болжамды жұқтыру көрсеткіштерімен бөлісті. Талдау жүргізілген 3 мыңға жуық жағдайдың 1114-і (38,5%) қарым-қатынастағылар арасынан анықталып отыр. Эпидемиологиялық тексерулер барысында инфекцияның болжамды жұқтыру көздері (орындары) анықталған. Атап айтқанда, науқастардың 30 %-ға жуығы инфекцияны мерекелік, кафе және отбасылық шаралар кезінде жұқтырған. Қоғамдық көліктер, базарлар, дүкен, көпшілік орындарда - 45%, бетперделік режим бұзғандар, үй жағдайы, т.б. - 49% COVID-19 коронавирусты инфекциясын жұқтырған.
Соңғы 2 апта ішінде ауру/байланыста болған үй карантиндік режимін сақтауы тиіс 20-дан астам адамның «Ашық» бағдарламасымен жұмыс істейтін нысандарға барғаны анықталды. Оның ішінде 5-«қызыл», 17-«сары» статустегілер. Барлық жағдайда аумақтық СЭБ басқармалары тарапынан қаулылар шығарылып, ескерту берілді.
Зертханаларда лабораториялық зерттеулер бойынша өткен тәулікте 2 300 адам тексерілді. Жалпы, пандемия басталғалы 800 мыңға жуық адам ПТР тест тапсырған. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі