Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Сотты циркке айналдырды»: Мамайдың адвокаты жаңа министрлік пен басқарма ойлап тапты

«Сотты циркке айналдырды»: Мамайдың адвокаты жаңа министрлік пен басқарма ойлап тапты

«Сотты циркке айналдырды»: Мамайдың адвокаты жаңа министрлік пен басқарма ойлап тапты
ашық дереккөзі
 width= Алматыда Әуезов аудандық №2 сотында белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайға қатысты азаматтық сот процесі жалғасып жатыр. Отырыс басталар алдында тараптар сөз алып, судьядан бірнеше өтінімді қанағаттандыруды сұраған. Атап айтқанда, Бауыржан Байбектің заңды өкілі Айжан Тәшенова сот ісіне Инга Иманбайдың kz.media порталында жарияланған материалын тіркеуді сұраса, Мамай мен оның қорғаушылары сот отырысына Алматыдағы бірқатар басқарманың басшыларын шақыртуды өтінді. Алайда, судья Райхан Сартаева екі тараптың да өтінімін қанағаттандырған жоқ. Бір қызығы, жауап беруші тарап бұл жолы да онлайн байланыстың сапасына шағымданып, процесті оффлайн өткізуді сұрады. Есте болса, дәл осы Мамай мен оның қорғаушыларының өтінімімен онлайн режимнің платформасы бұған дейін үш рет ауысқан болатын. Атап айтқанда, ең бірінші соталды дайындық Trueconf конференциясында, кейін WhatsApp мессенджерінде, бүгін ZOOM платформасында өтті. «Қызық» мұнымен біткен жоқ. Жанболат Мамайдың қорғаушысы Ерлан Қалиев сотта жауап беруге Алматы қаласы Туризм және спорт басқармасының басшысын шақыртуды сұрады («Қазақфильм» киностудиясының жеріне байланысты). Қалада мұндай басқарма жоқ екенін айта кету керек. Заңгер сондай-ақ, өз сөзінде Туризм және спорт министрлігі туралы да айтты. Қазақстанда мұндай ведомствоның жоқ екенін білікті заңгер түгілі мектептегі оқушы да біледі емес пе?! Сондай-ақ, заңгер Қалиевтің пайымынша, «Туризм және спорт басқармасы» әкімдікке емес, «Туризм және спорт министрлігіне» тікелей бағынады екен. Алматыда Туризм басқармасы және Спорт басқармасы деген екі бөлек басқарма бар. Екеуі де әкімдікке тікелей бағынады. Сонымен қатар, Қалиев Мәдениет және спорт министрлігі деген ведомствоның бар екенін де біліп жүрсе артықтық етпес еді... Оның үстіне, азаматтық процесуалдық процесте тұлғаны жауап беруге шақырмайды, куәгер ретінде ғана тартуға болады. Бірақ, Мамай мен Иманбайдың қорғаушылары бұл туралы білмейтін сияқты... Жауап беруші тарап сотқа арыз иесі Бауыржан Байбекті шақыртуды да талап етті. Судья әрине, олардың бұл өтінімін қанағаттандырған жоқ. Өйткені, арыз беруші тұлға заң бойынша өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Өтінімдері қанағаттандырылмаған соң Мамай мен оның адвокаты судьяны ауыстыруды талап етті. Алайда, олардың бұл өтінімі де мақұлданбады. Сот процесін судья Райхан Сартаева жалғастыра беретін болды.