Некелесуді 6 ай бұрын жоспарлағанбыз, шақыратын қонақтарымыз өте көп болатын. Бірақ індет бәрін өзгертті. Мейрамханалар да ашылмай қойды. Сосын екеуіміз ғана Әділет бөліміне барып, некелесе салайық деген ойға келдік. Абырой болғанда, неке қию сарайы ашылды. Оның үстіне ата-анамызды, жақындарымызды шақыруға да рұқсат берілді. Өте қуаныштымыз, деді Георгий Маглакелидзе, күйеу жігіт.Қазір Грузияда некені 2 жолмен тіркеуге болады. Бірі – Әділет үйінде, екіншісі – мемлекеттік тіркеушіні мейрамханаға шақыру. Бір қызығы, Грузияда некесін қидыратын шетелдіктер көп екен. Мұның сырын мамандардан сұрап білдік.
Грузияда некені тіркету үшін шетелдік төлқұжат болса болғаны. Егер сіздің екінші некеңіз болса, онда ажырасқаныңыз туралы куәлік және ортақ балаларыңыздың туу туралы куәлігі керек. Бірақ бұл әлемдегі ең қарапайым және өте тез жасалатын рәсімдердің бірі, деді Ирина Потанина, үйлену агенттігінің директоры.Бірақ бәрібір тойға 10-нан артық қонақ шақыра алмайсыз. Бұл талапты бұзған жеке тұлғаларға 600 доллар, ал заңды тұлғаларға кемінде 3 мың доллар айыппұл салынады.
Дереккөз:Хабар 24