Вакцинация құрбандары үшін мобильді крематорий дайындалды деген рас па?
Вакцинация құрбандары үшін мобильді крематорий дайындалды деген рас па?
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар Желіде табылған «мобильді крематорий» деген жазуы бар жүк көлігінің фотосуретімен бөлісуде. Кейбіреулер мұндай қондырғы COVID-19 қарсы вакцинация нәтижесінде қайтыс болған адамдар үшін дайындалды деп пайымдайды. Сурет астынан «Вакцинациядан кейін бәрі дайын» деп жазылған. Бұл жалған. Шын мәнінде, фотосуретте «Турмалин» компаниясы шығарған ИН-50.1К инсенизаторы көрсетілген. Ол қауіптілік класы I-V жататын биологиялық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған.
Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы «Үлкен қала экологиясы-2011» Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылды. Инсинезатордың толық циклы көрсетілген видеоны өндірушінің ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады.
Ол пандемия басталғанға дейін 8 жыл бұрын жасалған және оған еш қатысы жоқ. Өндіруші «мобильді крематорийдің салттық мақсаттарда пайдалануға және «Жүк-200» жоюға арналмағанын» атап өтті.
COVID-19 қарсы вакцинацияланған адамдар жақын арада жаппай өле бастайды деген теория негізсіз. Бұған дейін біз мұндай болжамдардың неге шындыққа жанаспайтыны туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.