Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкент: Ардагерлердің алғысы шексіз

Шымкент: Ардагерлердің алғысы шексіз

Шымкент: Ардагерлердің алғысы шексіз
ашық дереккөзі
 width= Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының "Ардагерлер туралы" арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш! Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, талқылануы мен қабылдануына дейін Чернобыль ардагерлері одағының атынан арнайы жұмыс тобының құрамында болып, атсалыстым. Чернобыль атом электр стансасындағы апатты залалсыздандыруға қатысқан 32 мың қазақстандықтың қазір 5400-і ғана жер басып жүр. Солардың қатарында болған шымкенттіктердің 240-ы ғана аман-есен. Өкінішке қарай, бұл азаматтардың 90 пайызы түрлі топтағы мүгедектер. Жаңа заң осы азаматтардың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз. Заңға сәйкес, Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2.13 АЕК-тен 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 334 теңге) дейін өсті. Сондай-ақ, жылына бір рет төленетін материалдық көмектің мөлшерін әр өңірдің жергілікті мәслихаттары әртүрлі белгілеп жүрген еді. Шымкеннтте соңғы бірнеше жылдан бері 20 АЕК мөлшерінде беріліп келген-ді. Енді жаңа заңда бір реттік материалдық көмектің республика бойынша бірыңғай мөлшері айқындалды. Және 100 мың теңге болып белгіленді. Мұнан бөлек Чернобыль апатына қатысқан азаматтардың жесірлері үшін де жақсы жаңалық бар. Мұнан былай олар да асыраушысынан айырылғандар санатына жатқызылады. Және олар да ай сайын 4,8 АЕК көлемінде жәрдемақы ала алады. Аға ұрпаққа көрсетіліп жатқан осындай құрмет пен қамқорлығы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз! Бақытжан Әшірбаев, Чернобыль ардагерлері Республикалық Одағы үйлестіретін кеңесінің төрағасы. Ғалымжан Майқанов, Шымкент қалалық «Ауғанстан және жергілікті соғыс одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы: «АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды. Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты - соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. ҰОС-ына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне деген үлкен құрмет деп білдім. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді осы аталған шаралармен 180 мың адамға дейін қамту көзделіпті. Қолданысқа жаңа енген бұл Заңнан ардагерлердің үміті орасан, сенімдерін ақтайтынына шүбә келтірмейміз!  width= Латипша Асанов, Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы: ЖАҢА ЗАҢ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІНЕ БЕРІЛГЕН ӘДІЛ БАҒА ДЕП САНАЙМЫН Қолданысқа енген ҚР «Ардагерлер туралы» Заңы ардагерлердің үмітін ақтайтынына сенімім мол. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мерейлі мереке ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны шындық. Өйткені, мұндай заң ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Заңның қабылдануы өте құптарлық дүние болды. Өйткені осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміз қандай құрметке болса да лайықты. Олар, осы Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан қаншама жерлесіміз оралмай кетті. Ал, бүгінде тарихтың куәсі болып отырған батырларымызды қолдап қорғау - біздің парызымыз. «Ардагерлер туралы» Заңның қабылдануы көптің көкейінде жүрген күрделі мәселе болатын және бұл мәселе ұзақ жылдардан бері көтеріліп келеді. Бұл Заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеуді көздейді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Осы Заң жобасының аясында қорғалатын 5 әлеуметтік санаттағы ардагерлерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы тұлғалар жатады. Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушыларды, сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылды. Осы 5 санатқа жататын ардагерлерге барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталады. Қолданысқа еніп отырған Заң, ардагерлердің әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін санаттарын анықтау және де әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған. Исамуддин РЫСБАЙ, Шымкент қалалық Ардагерлерің кеңесінің төрағасы: АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН НАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" заңға қол қойды. Жаңа заңда қазіргі заманның ағымына сай, көптеген өзгерістер енгізілген. Мәселен, қолданысқа енген заңның басты мақсаты - қатары күн санап азайып бара жатқан ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалған. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне қамқорлық бар. Заңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар қатарынан басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері де атап көрсетілген. Осы санаттағы ардагерлердің қатарына ТМД елдерінің 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімі де бекітілген. Бұл санатқа Кеңес Одағы қарулы күштерінің қатарында әр жылдары 23 қақтығысқа қатысқан әскери қызметшілер де кіргізілген. Сондай-ақ, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де атап көрсетілген. Осы заңның барлық тармағын орындау үшін мемлекеттен жыл сайын қосымша 2 млрд теңге бөлінекші. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен 169 мыңнан 180 мың адамға дейін қамту көзделген.Қолданысқа енген бұл Заңнан ардагерлердің күтері көп, үміттерін ақтайтынына сеніміміз мол. АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЙБЫНДЫ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" заңға қол қойды. Ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бұған дейін де көңіліміз толатын. Енді санаты мен олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалуы ҰОС қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне қамқорлықтар қосылды. Заңда, сонымен қатар, жеңілдіктер мен кепілдіктер басқа да мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері де атап көрсетілген. Сондай-ақ, Чернобыль апатынан зардап шеккендер жәрдемақылары да атап көрсетілген. Аталған Заңның орындалуы үшін мемлекеттен жыл сайын қосымша 2 млрд теңге бөлінбекші. Нәтижесінде, ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен 169 мыңнан 180 мың адамға дейін қамту көзделген. Қолданысқа жаңа енген бұл Заңның ардагерлер үшін орасан зор көмегі тиеріне сеніміміз мол. Нұрлан Тастемірұлы, Тәжік-Ауған соғысының ардагері  width=  width=