Соңғы кездері есте сақтау қабілетіңіз сыр беріп жүр ме?

Соңғы кездері есте сақтау қабілетіңіз сыр беріп жүр ме?

ашық дереккөзі

 width=­ Сіз таныстарыңыздың есімдерін, телефон нөмірлерін, өлеңдер мен маңызды күндерді жиі ұмытатын болып жүрсіз бе? Онда оны жаттықтыратын кез келді. Маңызды ақпараттарды ұмытпау үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз: Оймен санау. Ауызша санау қысқа мерзімді есте сақтауды жаттықтырады. - 100-ден 1-ге дейін кейін қарай санау. Ол жаңа ақпаратты жаттауға жауап беретін жұмыс жадын дамытады. "Сөздер" ойынын ойнау. Қандай да бір сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз ойлап тауып, ойынды жалғастыру керек. Сол кезде ми жүйке жасушаларының арасындағы "ұмытылып" қалған байланыстарды іске қосады. Түстерге мән беру. Күні бойы тек бір түсті заттарды байқайтындай етіп өзіңізге тапсырма беріңіз. Келесі күні басқа түсті таңдаңыз. Сол кезде зейін қою қабілетіңізді жаттықтырасыз. Шет тілін үйрену. Ғалымдар бірнеше тіл білетін адамдар Альцгеймер секілді аурулармен сирек ауыратынын анықтаған. Кітап оқу. Күніне бір сағаттан аз емес уақытты кітап оқуға арнаңыз: ол кезде мида жасушалар арасындағы жаңа байланыстар аумағы түзіле бастайды. Спортпен шұғылдану. Жай жүрістің өзі ми нашарлауын тоқтатуға көмектеседі. Ғалымдар, спортшылардың ми көлемі басқаларға қарағанда баяу кішірейетінін анықтаған.

Жүктелуде...