Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: кәсіпкерлер алаңдатқан мәселелерді ортаға салды

Түркістан: кәсіпкерлер алаңдатқан мәселелерді ортаға салды

Түркістан: кәсіпкерлер алаңдатқан мәселелерді ортаға салды
ашық дереккөзі
 
slider

Жаңа кәсіпорындардың газ жүйесіне қосылудағы қиындықтары, индустриалды аймақтардағы инфроқұрылымдық мәселелер: түркістандық кәсіпкерлердің мәселелері жобалық кеңсе отырысында қаралды. Басқосуға облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы Нұрбақыт Насырұлы, Түркістан облысының кәсіпкер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков, тиісті басқарма өкілдері, екінші деңгейлі банк және микроқаржы ұйымдары мен аудан, қала басшылары қатысты.

Кәсіпкерлер көгілдір отынмен қамтамасыз ету жолындағы бұғау болған жайттарды ортаға салды. Мәселені шешу мақсатында жауапты тұлғалар тартылды. Егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, мәселенің оңтайлы шешілуіне атсалысатын болды. Отырыста инфрақұрылым және жарық бағасының жоғарылығы талқыға түсті. Нәтижесінде бірқатар ұсыныстар қаралды.

Түркістан облысының кәсіпкер палатасы басшысы кәсіпкерлерді «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасымен таныстыру мақсатында  арнайы Call-center жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Орталық арқылы 3 мың кәсіпкердің 400-ден астамы қаржыландыруға қызығушылық танытқан.

Айта кету керек, ҚЗЭ бойынша Түркістан облысында 42,4 млрд.теңгенің 317 жобасы бар. Оның ішінде 32,7 млрд. теңге сомасына 296 жоба қаржыландырылса, 8,6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданған. Тағы 7 жоба қарастырылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі