Қайғылы оқиға Ақтаудың 5 шағын ауданында болды. Үшінші қабаттан 36 жастағы әйел құлап түсті, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
lada.kz. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Төтенше жағдай бүгін, 11 маусымда, Ақтау қаласының 5 шағын ауданындағы үйлердің бірінде орын алды. – Ақтау полиция басқармасы 102 операторының пультіне үшінші қабаттан адам құлағаны туралы қоңырау түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ақтау полиция басқармасының жедел тобы жұмыс істеуде, – деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті. Куәгерлердің айтуынша, әйел қайғылы оқиға орнында қайтыс болған.